Мүгедектердің қоғамдық бірлестігі «отшашу» үшін елорда әкімдігін сотқа берді

Мүгедектердің қоғамдық бірлестігі елорда әкімдігін сотқа берді. Белсенділер елорда күні пандемияға қарсы атылған от шашуға наразы екенін білдірген деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Алматы, NEGE. Қоғам белсендісінің айтуынша, отшашуға жұмсалған қаражат шамамен 1,5 миллиард теңге. Ол «бұл қаржы науқастарды емдеуге жұмсалуы керек еді» деген пікірде. 

Белсенділер отшашу тыныштық туралы заңды бұзғанын жеткізді.

«Егер кімде кім 23.00-ден кейін шулы шара өткізсе, онда жаза қолдану керек. Өйткені, 23.00-ден кейін адамдар ұйқыға кетеді және олар тыныштықта демалуға құқылы. Бұл әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті бұзу болып саналады. Пациенттер, көптеген адам мұны дұрыс қабылдаған жоқ», - деді «Халық дауысы» қоғамдық ұйымының президенті Дәулет Әлмұрат. 

Қазір оқып жатыр

Мәжіліс қаңғыған жануарларды эвтаназиялау туралы заңды мақұлдады

Перизат Қайраттың түрмеде немен айналысатыны белгілі болды

Үш миллиардты бөлейік. ЦентрКредит басшылығының мотивациясы НЕГЕ керемет болды?

Ақтөбе облысы әкімдігі ғимаратындағы өрттің алдын ала себебі айтылды