Мұғалімдерді жалған бұйрықпен жұмысқа қабылдаған бұрынғы директорлар сотталды

Қызылордада мұғалімдерді жалған бұйрық шығарып, жұмысқа қабылдаған бұрынғы мектеп басшылары сотталды.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Қалалық прокуратура екі мектептің бұрынғы директорына қатысты қызметтік жалғандық жасау дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 369-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркеген болатын.

№2 қалалық сот олардың бас бостандығын 1 жыл мерзімге шектеу жазасын тағайындады.

«Атап айтқанда, білім беру ұйымдары азаматтарды мұғалім ретінде жұмысқа қабылдау туралы жалған бұйрықтар шығарып, еңбек кітапшаларына мәліметтер енгізген. Педагог ретінде конкурссыз жұмысқа орналасуға жағдай жасалған», – делінген ведомство хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Бюджетті қуанта бермек. «Altyn Bank» салығы өссе де, пайдасы НЕГЕ артпады?

Бұралқы иттерге қатысты заң Президентке жолданды

Ақсудан соң Алматыда не болмақ?

Қазақстанда жануарларға қатыгездік танытқандар 5 жылға сотталуы мүмкін