Мұғалімдердің демалыс күндері еркінен тыс іс-шараларға қатысуы заңды ма?
Мұғалімдердің мерекеге, мейрамға орай берілген демалысында мектептің талабы бойынша мерекелік іс-шараларға (флэшмоб, жиындарға) қатысуы заңды ма? Егер мұғалім демалыс күнінде ондай жиындарға қатысудан бас тартса мектеп әкімшілігі ескерту жасай ала ма? Мұндай жағдайда мұғалім нені ескеруі керек?
NEGE тілшісі жолдаған сауалға Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани БЕЙСЕМБАЕВ жауап берді.
«Сіздің сұрағыңыз Еңбек кодексінде реттелген. Тек қана педагог емес, әр азамат өзінің демалыс уақытында демалуға құқылы. Егер мекеме оны ресми қызметке шақыратын болса, оған сол күнгі ақысын төлеуге міндетті. Егер қызметкер өз ниетімен, өз еркімен жұмысқа шықса ол басқа әңгіме. Кез келген қызметкер жұмыстан тыс уақытта демалуға құқылы», - деп жауап берді министр.