Мұғалімдердің біліктілігін компьютерлік бағдарлама қадағалайды

Елімізде педагогтердің Ұлттық біліктілік тест тапсыруын компьютерлік бағдарлама қадағалайды. Бұл жайында Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы директоры Дидар Смағұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан. NEGE. «Бүгінгі күннен бастап компьютерлік бағдарламамыз педагогтердің Ұлттық біліктілік тестілеудегі құқық бұзушылықтарын да қадағалайтын болады. Балаларымызды өз пәнін білмейтін, тестілеуде көшіруге тырысатын, тәртіпсіз мұғалімдерден қорғайық», - деп жазды Дидар Смағұлов facebook парақшасында.

Айта кетейік, кеше ғана Дидар Смағұлов Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры қызметінен кеткен болатын. Ендігі уақытта ол ҚР Білім және ғылым министрінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі лауазымын қосымша алып жүрмек.

Қазір оқып жатыр

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды