Мұғалімдер жаппай ереуілге шықты

Францияда мұғалімдердің 40 проценті мен білім беру мекемелерінің өзге де қызметкерлері ереуілге шықты, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Алматы, NEGE. Көшеге шыққандар мектептерде санитарлық тәртіптің жиі өзгеретініне наразы. Мәселен, соңғы 8 күнде коронавирусқа қарсы қабылданған шаралар 3 мәрте өзгерген. Наразы топтың мәлімдеуінше, білім ошақтарында қажетті медициналық заттар да жеткіліксіз. Сол себепті, кей мектептерде педагогтардың 75 проценті жұмысқа шығудан бас тартқан.

Бүгінде Францияда 10 мыңға жуық сынып қашықтан оқу форматына көшті. Бұған аймақтағы эпидахуалдың ушығуы себеп. Ұстаздар биыл емтихан тапсыратын жоғары сынып оқушыларының білім деңгейі нашарлауы мүмкін деп алаңдайды. 

Қазір оқып жатыр

«Бір ғана өтінішіміз – бостандығымыздан айырмаңыздар»: Жанабыловтар сотта жылап тұрып кешірім сұрады

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан