Мұғалімдер 700-ден астам телесабақ жазды
Қазақстан мектептерінің педагогтары 700-ден астам телесабақ жазды, деп мәлімдеді ҚР білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова.
Алматы, NEGE. «Педагогтар телесабақтар түсірілімінде жұмыс жасауларын жалғастыруда. Бүгінгі таңда 700-ден астам сабақ екі телеарнада көрсетілді», - деді Каринова қашықтықтан оқытудың өткізілу барысы туралы онлайн-брифингте.
Оның айтуынша, мектеп мұғалімдері, педагогтар бұл жұмысты жалғастыруда, ал ата-аналар барынша белсенді бола түскен.
«Біз бүгінгі таңда ата-аналар тарапынан белсенділікті байқап отырмыз», - деді Каринова.
Білім және ғылым вице-министрі педагогтар мен ата-аналарға «қашықтықтан, үйреншікті емес форматта жүргізіп жатқан жұмыстары үшін» алғысын білдірді.