Мұғалімдер 25 тамызға дейін вакцина салдыруы керек

Премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандық мұғалімдерге 25 тамызға дейін толық вакцинациядан өту қажеттігін айтты.

Алматы, NEGE. "Жалпы эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Вирустың репродуктивтілік индексі – 0,97. Ауруханалардағы орын 53 және реанимациялық бөлімдері 47 пайызға пайызға жүктелген. Вакцинаның бірінші компонентін салдырғандар саны 6,1 млн. адамнан асты, екінші компонент 4,8 млн-нан астам адамға салынды", - дейді Мамин. 

Министр, оқушылардың қауіпсіздігі үшін мұғалімдер оқу жылы басталмас бұрын вакцинациялануы қажет екендігін жеткізді. 

"Оқу жылына дайындық аясында мұғалімдерге вакцина салуды 25 тамызға қарай аяқтап, оқу орындарының дайындығын бақылауды күшейту қажет", - деді Асқар Мамин.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Депутат Қазақстанда тағы бір тілді ресми тіл ретінде тануды ұсынды

Брокер орташа табысы бар отбасыларға тиімді үш ипотекалық бағдарламаны атады