Мұғалім не үшін 11 жылға сотталды?

Бұған дейін мамандандырылған мектеп-интернатта жұмыс істеген мұғалім әлеуметтік желі арқылы есірткі сатумен айналысып, істі болғаны туралы хабарланған еді.

Алматы, NEGE. «Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мұғалімді есірткі сатқаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды nv.kz порталы. Полиция тергеу барысында мұғалімнің 2018 жылдан бері тыйым салынған заттарды сатқанын анықтаған. Ол тәртіп сақшыларына ұсталып қалмау үшін есірткіні Telegram мессенджері арқылы сатқан.

«Күдікті пайданы көздеп, тыйым салынған синтетикалық есірткі сатқан. Жеткізушіні Telegram-ның көмегімен тапқан. Тауарды пошта арқылы салып жіберіп отырған», – делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сотталушының есірткі сату әдісі полицейлерге жақсы таныс. Telegram желісінде тыйым салынған препараттардың сатылатыны туралы хабарландыру берілген. Сатып алушы QIWI-әмиян арқылы талап етілген соманы күдіктіге жіберген кезде, ол оған тауардың қайда сақталғаны жөнінде мәлімет жіберіп отырған.

«Сарапшылардың және куәгерлердің көмегімен күдіктінің кінәсі толығымен дәлелденді. Алайда оның заңсыз жолмен тапқан табысы оның жұмысына қатысы болмаған. Ол есірткіні мектептен тыс жерде сатқан», – делінген хабарламада.

Осылайша, Қарағанды облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мұғалімді есірткі сатқаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты

4 жылдан кейінгі алтын: дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды

Экономист: Алдағы 20 жылда пәтер бағасы түспейді