Мұғалім мен оқушылар үшін 990 теңгелік арзан тариф құрылды

Осы тарифті қолданғандардан Kundelik.kz ресурстарына кіріп-шығып, жұмыс істегендерден ешқандай мегабайт алынбайды.

Алматы, NEGE. Қазақстанда оқушылар мен оқытушылар арасындағы байланыс үшін арнайы тариф іске қосылады. Тарифтің ай сайынғы абоненттік төлем көлемі 990 теңгені құрайды.

Мұндай тариф қазір бар. Жетекші ұялы байланыс операторлары 990 теңгеге «Bilim» тарифін жасады. Ол оқу жылының басынан бастап қолжетімді болады. (…) Осы тарифті қолданғандардан Kundelik.kz ресурстарына кіріп-шығып, жұмыс істегендерден ешқандай мегабайт алынбайды, - деді «Күнделік» ЖШС бас директоры Мұхтар Ілиясов ОКҚ-да өткен брифингте.

Айта кету керек, бірінші рет бұл тариф жайлы бұрынғы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеген еді. Ол бұл тарифтік жоспар мұғалім мен оқушылар арасында шексіз қоңырауларды, сондай-ақ Білім және ғылым министрлігінің білім ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ететіндігін атап өткен.

Қазір оқып жатыр

Бітіру кешіне қаржы жинауға қатаң тыйым салынады – Оғу-ағарту министрлігі

Мұнай тағы да күрт қымбаттады

Туризм министрлігі күтіп алмаған америкалық блогерді Баян Алагөзова қонақ етті

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған