Мұғалім мектеп ауласында асылып өлді

Қырғызстанда мұғалім мектептердің бірінің ауласында асылып өлді. Бұл ақпаратты Бішкектегі Октябрь ауданының ішкі істер басқармасы өкілдері растады,  деп хабарлайды Massaget.kz.

Алматы, NEGE. 5 шілдеде Бішкектегі №17 мектеп-гимназиясының ауласынан хореография пәнінің мұғалімі болған ер адам өлі табылды.

ІІБ өкілдерінің айтуынша, ер адам мектептің подъезінде өз-өзіне қол жұмсаған.

– 37 жастағы А.Е-нің денесін қарау кезінде жарақаттар табылмады. Бұл дерек Октябрь аудандық ішкі істер басқармасының ақпараттық реестріне тіркеліп, тергеуалды тексеру басталды. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті