Мүфтиятта онлайн мәжіліс өтті

Бүгін Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Ғұламалар кеңесінің кезектен тыс онлайн мәжілісі өтті.

Бұл туралы ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы хабарлады.  
Алматы. NEGE.  Мәжіліске наиб мүфти Ершат Оңғаров, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Шоқанов және Ғұламалар кеңесінің мүшелері қатысты.
ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласындағы Ғұламалар кеңесінің мүшелерімен онлайн режимде пікір алмасты. Алматыдан онлайн мәжіліске Бас мүфти кеңесшісі Мұхаммед-Хұсейн Алсабеков, «Нұр Мүбәрак» университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев, ұстаз Алау Әділбаев, Ерсін Әміре, Бауыржан Әлиұлы қатысты.
Онлайн мәжілісте елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты мешіт жанындағы асханаларда өтетін ас-садақаларды кейінге шегеру, жамағатпен оқылатын намазға қатысты пәтуа шығару, т.б. мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, Ғұламалар кеңесі жұма намазына қатысты пәтуа мәтінін әзірлеуде. Пәтуа жуық арада ҚМДБ-ның ресми сайтында жарияланады.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған