Мүфтият мәйітті қандай жағдайда көрден қазып алуға болатынын айтты
Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы өкілі Сансызбай Құрбанұлы мәйітті қандай жағдайда көрден қазып алуға рұқсат екенін мәлімдеді.
Алматы. NEGE. «Мәйіт судың астында қалса немесе біреудің меншігіндегі жерге жерленсе, жер иелері мәйітті әкетуді талап етсе, қылмыстық істі анықтау барысында қабірді ашпай анық болмаса, тек қана соған тірелсе, сол кезде ғана шариғатымыз рұқсат береді», - деді Сансызбай Құрбанұлы.
Айта кететін жайт, елімізде полиция қызметкерлері қанды қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшып, мерт болып, арулап жерленген адамдарды эксгумация жасап, қазып алып жатыр.