11 февраля 2026 г. 14:58
Мүфтият Ораза кестесі мен пітір садақа мөлшерін жариялады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылғы Ораза кестесі мен пітір садақа мөлшерін бекітті.
Астана, NEGE. Биыл қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Ал Қадір түні наурыздың 16-сынан 17-сіне қараған түнге сәйкес келеді.
Рамазан айы қарсаңында Діни басқарма Қазақстан өңірлері толық қамтылған Ораза кестесін жариялады.
Сондай-ақ биыл пітір садақа мөлшері 735 теңге деп белгіленді.
«Пітір садақа және садақаны Kaspi Bank, Halyk Bank, ForteBank, Банк ЦентрКредит, Alatau City Bank, Bereke Bank мобильді қосымшалары және "Қазпошта" арқылы аударуға болады», – деп нақтылады Діни басқарма өкілдері.
Мүфтияттың хабарлауынша, Ораза айт 20 наурызда басталады.