Мүфтият «бір реттік неке» ұсынған ер адамның әрекетіне қатысты пікір білдірді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ақтөбедегі «Нұр Ғасыр» мешітінде орын алған даулы жағдайдан кейін мәлімдеме жасады.

Полиция

Алматы, NEGE. Белгілі болғандай мешітте ер адам хиджаб киген қызға «бір реттік никах» ұсынып, интимдік қарым-қатынасқа бармақ болған.

«Мұндай әрекет шариғат нормаларына да, мұсылмандық әдепке де қайшы келеді. Әсіресе әйел затына қатысты қорлайтын сөздер айтылған жағдайда. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ақтөбеде қызға орынсыз сөз айтқан ер адамның әрекетін қатаң айыптайды», – делінген ҚМДБ мәлімдемесінде.

Мүфтият өкілдері мешіт – құлшылық пен рухани тәрбие орны екенін атап өтіп, ол жерге келген әр адамның өзін сыпайы және құрметпен ұстауға міндетті екенін ескертті.

Қазір оқып жатыр

Мәжіліске Қытай Парламентінің басшысы келді

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады