13 октября 2025 г. 0:18

MTV Ұлыбритания мен Еуроодақтағы музыкалық арналарының жұмысын тоқтатады

Фото: MTV

2025 жылдың 31 желтоқсанынан бастап MTV Music, MTV 80s, MTV 90s, Club MTV және MTV Live арналарының хабар таратуы тоқтатылады.

Алматы, NEGE. Негізгі MTV HD арнасы (қазіргі уақытта реалити-шоулар мен көңіл көтеру бағдарламаларын көрсететін) өз жұмысын жалғастырады.

Польша, Венгрия, Германия және Австрияда компания MTV, TeenNick, NickMusic, Comedy Central Extra және Paramount Network арналарының жұмысын тоқтатады.

Мұндай шешімнің басты себебі дәстүрлі музыкалық арналарға қызығушылықтың күрт төмендеуі. Көрермендердің көпшілігі YouTube пен TikTok платформаларына ауысып кеткен.

2000-жылдардың аңызына айналған әйгілі музыкалық арна бәсекеге төтеп бере алмады.