Мотоциклмен киік қуып, қолға түсті

Атырау полицейлері Құрманғазы ауданы Егінқұдық ауылы тұрғынының мотокөлігімен киікті қуып құлатқанын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Aлматы, NEGE. Тексеру барысында, күдіктінің тұрғылықты мекен-жайынан киік еттері, мүйізі, басқа да айғақ заттар табылып, тәркіленді. Осы дерек бойынша ҚК 339-бабымен “Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу” сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Ішкі істер министрлігі Алқасының шешімінің басты талаптарының бірі – браконьерлікке, соның ішінде ұйымдасқан нысандарына қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шаралар кешенін іске асыру болып табылады, – деп атап өтті Полиция департаментінің бастығы Камза Үмбетқалиев.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде әкімдік ғимаратындағы өрт толық сөндірілді

Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртенді

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды