Терезенің торын шешіп, өзгенің үйіне ұрлыққа түскен ақмолалық ұсталды

Ақмола облысында терезенің торын шешіп, біреудің үйіне кіріп, ұрлық жасаған қаскүнем ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Полиция

Алматы, NEGE. Аршалы ауданының тұрғыны полиция бөліміне 24 шілдеде белгісіз адам үйге кіріп телефонын ұрлағанын хабарлады. Таңғы сағат 8 шамасында қаскүнем москит торын шешіп, жеке үйдің жатын бөлмесіне кіріп, Samsung ұялы телефонын ұрлап кеткені анықталды.

Залал сомасы 81 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 32 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Осы фактіге қатысты полиция бөлімімен ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Заттай дәлел тәркіленді.

Ақмола облысының полиция департаменті көктемгі-жазғы кезеңде үй ұрыларының айтарлықтай белсенділігі артатынын еске салады және азаматтарға жеке мүлкін қорғау үшін барлық қажетті шараларды қолдануға кеңес береді.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті