Моншада уланып қала жаздаған бес бала ауруханадан шықты

Қазір олардың жағдайы жақсы.

Алматы, NEGE. Еске сала кетейік, бүтін бір отбасы моншаға барамыз деп күтпеген жағдайға тап болған. Монша иесі оларды сыртынан қамап кеткен екен. Бір сағаттан кейін балалардың басы айналып, жүректері айныған. Абырой болғанда, олардың дауысын дүкен қызметкері естіп, есікті ашқан. Құтқарушылардың айтуынша, жылыту қазандығының мұржасы бітеліп, желдеткіші істемей қалған.

Қалалық ТЖД басшысының орынбасары Самат Асаинов: "Балалардың улану себебі – жылыту пешінің мұржасы тазаланбаған. Қазіргі уақытта балалар ауруханадан шығарылды. Ешқандай қауіп жоқ. Іс материалдары Алатау аудандық полиция басқармасына тапсырылды", - деді.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті