Мониторинг тобы мейрамханадағы үйлену тойын тоқтатты

Алматы қаласының мониторинг тобы «Baq Saray» мейрамханасында өтетін үйлену тойын тоқтатты.

Алматы, NEGE. Мониторинг тобы 200-ге жуық қонақ жиналған мейрамхананың жұмысын тоқтатып, келушілерді қайтарды. Мекеме иесі карантин талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылады.

Еске салсақ, белгіленген карантиндік шектеулерге байланысты тойлар мен бұқаралық іс-шараларды өткізу тыйым салынған.

Алматы қаласының әкімдігі қала тұрғындарын санитарлық нормаларды қатаң сақтауға шақырады. Қалада коронавирустың таралу қарқыны күн сайын артып келеді. Халық бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырудан және оған қатысудан бас тартқандары жөн.