Моңғолиядағы сайлауда билік партиясы жеңді
Моңғолияда сәрсенбі күні өткен парламенттік сайлауда Премьер-министр Ухна-Гийн Хур-Элсух бастаған Моңғол халықтық партиясы көш басында тұр.
Алматы, NEGE. Ал екінші орында оппозициялық Демократиялық партия. Олар 11 орынды иеленген. Орталық сайлау комитетінің хабарлауынша, шараға сайлаушылардың 74 проценті қатысқан. Айта кетейік, Моңғолияда қазірге дейін коронавирусқа 215 адам ғана шалдыққан. Дерттен ешкім қайтыс болған жоқ.