Моңғолия үкіметі «Шыңғысхан»-нан бас тартты

Моңғолия астанасы Ұланбатырдағы «Шыңғысхан» халықаралық әуежайының атауы ресми түрде «Буянт-Ухаа» болып өзгертілді. Бұл жайында Montsame агенттігі хабарлады.

Алматы, NEGE. «Үкіметтің 2019 жылдың 18 желтоқсанындағы №455 қаулысына сәйкес, ел астанасындағы «Шыңғысхан» халықаралық әуежайы 1 шілдеден ресми түрде «Буянт-Ухаа» әуежайы болып аталады», – делінген ақпаратта.

«Буянт-Ухаа» әуежайы халықаралық және өңірлік рейстер үшін резервті әуежай ретінде қолданылады. Сондай-ақ авиациялық дайындық және білім беру, чартерлік рейстер, авиалайнерлерге қызмет көрсету және азаматтық авиацияның өзге де қызметтері үшін пайдаланылатын болады. «Хушиг алқабында жаңа әуежай ресми іске қосылғанға дейін «Буянт-Ухаа» өз қызметін қалыпты режимде атқара беретін болады. Қазіргі уақытта МИАТ ұлттық әуе тасымалдаушысы «Буянт-Ухаамен» шет мемлекеттерден азаматтарды қайтару бойынша чартерлік рейстер атқаруда. Ал Хунну эйр, Аэромоңғолия авиакомпаниялары кесте бойынша бағыттарды орындауда», – деп жазады агенттік.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде әкімдік ғимаратындағы өрт толық сөндірілді

Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртенді

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды