Мөлдір Жаңбырбай каратэден Мысырдағы турнирдің чемпионы атанды

Қазақстандық каратэші Мөлдір Жаңбырбай Мысыр астанасы Каирдағы Премьер-лига турнирінде үздік шықты. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Финалға дейін іркілмей жеткен Мөлдір 50 келіге дейінгі салмақта соңғы бәсекеде хорватиялық Эма Сгарделлиді тізе бүктірді.

Осылайша, әлем чемпионы М.Жаңбырдай қатарынан үшінші Премьер-лига жарысында жүлде алды. Бұған дейін ол Парижде қола, Ханчжоуда күміс алған еді.

Сөйтіп М.Жаңбырбай Премьер-лига санатындағы рейтингіде көш басындағы орнын нығайта түсті.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті