11 марта 2026 г. 11:15

Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеуінен неге алимент өндіріп алмағанын айтты

Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова желіде ұлының әкесіне қатысты жазба жариялап, жаңалығымен бөлісті.

Астана, NEGE. Бірнеше жылдан бері ұлын жалғыз тәрбиелеп келген өнер жұлдызы бірінші жолдасын алиментке бергенімен, кейін бұл ойынан айнып қалғанын, оны кешіргенін айтып ағынан жарылды. 

«Екі ай бұрын Арыстанды алиментке бердім. Ал бүгін ол маған өзі хабарласып, өткен-кеткенге кешірім сұрап, "Балаға әке ретінде қамқор боламын" деді. Толық шығындарын өз мойнына алатынын айтып, алименттен алып тастауымды өтінді.

Кештім… Алла үшін… Ұлым үшін… 10 жылға созылған тұман сейілсін», – деп жазды Мөлдір Әуелбекова желідегі жеке парақшасында.

Бұған қоса әнші бұрынғы жолдасымен ұлына жақсы ата-ана болуға уағдаласқан.