29 сентября 2024 г. 18:45

Мөлдір Әуелбекова бала күтушісіне ерекше сыйлық жасады

Фото: ©instagram.com/moldir.auyelbekova

Отандық эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова бала күтушісінің туған күніне орай күтпеген сыйлық жасады.

Алматы, NEGE. Мөлдір Әуелбекова бала күтушісімен түскен видеоны Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

"Туған күнге жаңа айфон! Бұйырса, Гүлназым тұрмысқа шығамын дейді! Керемет жаңалық! Өзім ұзатамын! Бірақ басқа няня алу қандай қиын болады бізге…", – деп жазды ол.

Гүлназ есімді қыздың Мөлдір Әуелбекованың қол астына істеп жүргеніне үш жыл болған.