Молдова президенті тікелей эфирде сөйлеп отырған кезде жер сілкінді (видео)

Молдова президенті Майя Санду орыс тілінде Moldova 1 телеарнасына тікелей эфирде сұхбат беріп отырған кезде жер сілкінді. 

видео-скрин

Алматы, NEGE. Жер сілкінісі кезінде президент Майя Санду мен тележүргізуші өздерін байыпты ұстаған.

«Бізде қызық жағдай болып жатыр, бұл бізде тікелей эфирдегі жер сілкінісі. Жақсы белгі деп үміттенемін», - деді тележүргізуші. 

Бағдарлама жүргізушісі сұхбат бергені үшін президентке алғыс білдірді. Желі қолданушылары жер сілкінісі кезінде өзін сабырлы ұстаған президенттің әрекетіне жағымды пікірлер жазып жатыр. 

Белгілі болғандай жер сілкінісінің эпицентрі Румынияда болған. Жер сілкінісі бір минуттан аз уақытқа созылды. Мамандар оның магнитудасын 5,3 балл деп бағалады.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді

Қазақстандық салымшы зейнетақы шотынан ақшасы жоғалып кеткенін айтып, шағымданды

Тоқаев боксшы Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті жеңісімен құттықтады

Түркістан облысында тұрғындар Қызыл кітапқа енген қызғалдақты көлікпен таптаған