Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Молдова Республикасының Мәдениет министрлігі қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуровқа қатысты мәлімдеме жасады.

instagram.com/nurlan__saburov

Астана, NEGE. Мәлімдеме ведомствоның желідегі парақшасында жарияланды.

«Мәдениет министрлігі Диана Арбенинаның, Нұрлан Сабуровтың және Олег Винниктің қатысуымен өтуі тиіс Молдова Республикасында жоспарланған үш іс-шараны өткізуді орынсыз деп санайды», – делінген хабарламада.

Концертті ұйымдастырушыларға аталған тұлғалармен келісімшартты бұзу ұсынылған. Бұл шешім, министрлік мәліметінше, «олардың Молдова Республикасының аумағына кіруінің мүмкін болмауына және іс-шаралардың тоқтатылуына алып келуі мүмкін жағдайлардың алдын алу үшін» қабылданған.

Еске салайық, бұған дейін ресейлік БАҚ-та Сабуровқа Ресей Федерациясының аумағына 50 жылға кіруге тыйым салынғаны жайлы ақпарат тарады. Әзілкеш бұл жаңалықты Дубайдан Мәскеуге ұшып келген сәтінде Внуково әуежайында бір-ақ білген. Нәтижесінде ол Қазақстанға оралуға мәжбүр болды.

Сондай-ақ Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті комик Нұрлан Сабуровтың әрекеттерін тексеріп жатыр. Оған «Вагнер» легионының Истра бөлімшесіне 10 эндуро мотоциклін бергені және «Все для Победы» қорына 2 млн рубль аударғаны туралы ақпарат себеп болған.

Украинада Сабуровтың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді

Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек тұңғыш сәбиін дүниеге әкелді