Мөлдір Әуелбекова: «Кекшіл емеспін, көпшілмін»

«Таспен атқанды аспен ат» бұл тәмсілді танымал әнші Мөлдір Әуелбекова ұстанады. Ол ренжіткен жандарға кек сақтамайды.

Алматы, NEGE. Танымал әнші қазіргі таңда қазақ өнерінің қара шаңырағына айналған «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының шығармашылық қызметтің басшысы қызметін абыроймен атқарып жүр. Мемлекеттік қызметке кеткенімен өнерден қол үзген жоқ. Екі саланы қатар алып жүрген өнер иесінің өмірі ел назарында. Сондықтан болар, оқырмандар шығармашылығынан бөлек әлеуметтік желідегі парақшасын жіті қадағалап отырады. Мәселен, Әуелбекованың инстаграм желісіндегі соңғы жазбасы қызу пікірталас тудырған.  Бұл жазбасымен өнер иесі оқырмандарға ой салып, кешірімді болуға шақырды. «Өзі өзін ақтау үшін маған еріксіз күйе жаққан жаманды кешіруге шамам жетіп жүргеніне Аллаға сансыз шүкір! Мен тас ұрғанға ас ұруды еш доғармаймын! Кекшіл емеспін, көпшілмін! Кештім. Бәрін, бәрін! Ал негізі суретте айтайын дегенім, мен сіздерді жақсы көремін! Алла бізге көркем мінезділер қатарынан болуды жазсын! Әмин», – деп жазған.

Өнер иесі кекшіл еместігін алға тартып, көңіліне қаяу түсірген жандарға әрдайым кешіріммен қарайтынын жеткізді. Ал көпшілік бұл жазбаның астарында үлкен мағынаның барын айтып, тек жағымды пікір қалдарған.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты