Мөлдір Әуелбекова екінші күйеуімен неге ажырасқанын айтты

Мөлдір Әуелбекова екінші күйеуімен не себепті ажырасқанын ашып айтты. Айтуынша, жолдасы отбасына қиянат жасаған.

Алматы, NEGE. "Алланың аманатына (әйел, бала-шаға) қиянат жасалды", - деп мәлімдеді Мөлдір Instagram-да оқырманына берген жауабында. 

Екі рет некеде болып, бүгінде бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған әнші ештеңеге қарамастан, тағдырына разы екенін жеткізді. 

"Әлхамдулиллях разымын! Қос қанатымның барына шүкір! Ата-анам, бауырларым, қолдаушы халқым аман болсын!" - деп жазды ол.

Айта кетейік, 2020 жылы Әуелбекова екінші мәрте тұрмыс құрған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты