Молдағасымова сынақ мерзімінен өте алмады

Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ұлттық орталығының басшысы Айзат Молдағасымова сынақ мерзімінен өте алмауына байланысты қызметінен босатылды.

Алматы, NEGE. «2020 жылдың 3 маусымында Айзат Молдағасымова Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ұлттық орталығының директоры қызметіне тағайындалған еді. 1 шілдеден қыркүйектің ортасына дейін Айзат Молдағасымова үш айға жуық еңбекке уақытша жарамсыз болып саналды.

Осы жылдың 14 қыркүйегінде Еңбек кодексіне сәйкес сынақ мерзімі кезінде жұмыстың теріс нәтижесіне байланысты онымен еңбек шарты бұзылды. Ол сынақ мерзімінен өтпеді. Осыған байланысты ол 14 қыркүйектегі бұйрықпен жұмыстан шығарылды», – делінген Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде.

Қазір оқып жатыр

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды