Мохаммед Әлидің немересі Ербосынұлына қатысты мәлімдеме жасады

Аты аңызға айналған Мохаммед Әлидің немересі, орта салмақта өнер көрсететін Нико Али Уолш (7-0, 5 KO) кубалық Давид Моррелмен (8-0, 7 КО) кездесуден кейін комаға түскен қазақстандық Айдос Ербосынұлына (16-1, 11 КО) қолдау білдірді, деп жазады Vesti.kz.

Алматы, NEGE. Ербосынұлы Моррелге қарсы кездесудің 12-раундында нокаутпен жеңілді. Кездесуден кейін оны Хеннепин аймағындағы Медициналық орталыққа алып кетті. 

"Өтініш, мұсылман бауырымыз Айдос Ербосынұлының тез сауығып кетуі үшін көбірек дұға қылыңыздаршы". - деп жазды Уолш Twitter парақшасында. 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды