Могулшы Анастасия Городко Қытайдағы Әлем кубогы кезеңінде алтыншы орын алды

Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Городко Қытайдың Бэйдайхэ қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа кірді.

ҰОК

Алматы, NEGE. Спортшы жарысты алтыншы орынмен аяқтады. 2018 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Юлия Галышева сегізінші орынға ие болды.

Ерлер арасында Павел Колмаков оныншы болып мәре сызығын кесті, Фёдор Бугаков – 40-орын, Антон Бондарев – 42-орын алды.

Айта кетейік, 22 ақпанда параллель могул жарыстары өтеді.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді