Моджтаба Хаменеи Иранның жоғарғы көшбасшысы болып сайланды

Иран Ислам Республикасында жаңа жоғарғы көшбасшы болып Моджтаба Хаменеи тағайындалды, деп хабарлады Иранның Сарапшылар кеңесі.

aljazeera.com

Алматы, NEGE. Кеңестің мәліметінше, төтенше түрде өткізілген отырыста мүшелер бірауыздан дауыс беріп, оны ел тарихындағы үшінші жоғарғы көшбасшы ретінде таңдаған.

1969 жылдың 8 қыркүйегінде Иранның солтүстік-шығысындағы Мешхед қаласында дүниеге келген Моджтаба – соңғы 40 жыл елдің жоғарғы көшбасшысы болған Әли Хаменеидің алты баласының екіншісі. Өткен аптада Али Хаменеи АҚШ пен Израиль жасаған соққының салдарынан қаза тапқан болатын.

Бұған дейін көптеген бұқаралық ақпарат құралдары Моджтаба Хаменеиді осы лауазымға үміткерлердің бірі ретінде атап келген болатын.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр