Мобильді аударымдар арқылы қайырымдылыққа жиналған қаражатқа салық салына ма?

Мобильді аударымдар арқылы қайырымдылыққа жиналған қаражатқа салық салынбайды, деп хабарлады қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.

ғаламтордан

Астана, NEGE.«Егер қаражат, мысалы, баланы емдеуге жиналса және әртүрлі адамдардан 100-ден астам транзакция жасалса, бұл жағдайда бізге тиісті ақпарат түседі. Біз ол адамға хабарлама жібереміз. Сол кезде ол ақшаны не үшін жинағанын және оны қайда бағыттағанын, кәсіпкерлік мақсатты көздемегенін айта алады. Бұл жағдайда салық міндеттемесі болмайды. Кәсіпкерлік бағыт немесе жарнама үшін салық міндеттемелері жүктеледі. Ал егер қайырымдылыққа бағытталған болса, онда ешқандай салық міндеттемесі болмайды. Сондай-ақ туыстар арасындағы аударымдарға да шектеу қойылмайды», - деді Ержан Біржанов. 

Қазір оқып жатыр

Ең қымбат күзетші. Инвестициялық қор НЕГЕ өзін-өзі асырай алмай қалды?

Таиландта дүниеге келген нәресте мен анасы санавиациямен Алматыға жеткізілді

Әлеуметтік желілер мен интернетте заңсыз үгіт-насихат жүргізгені үшін айыппұл салынбақ

Ақтауда әскери бөлім командирі сарбаз өліміне байланысты сотқа тартылмақ