ММА файтері Бағдат Дүйсембаевқа оқ атқан адам ұсталды

Мәскеуде қазақстандық ММА файтері Бағдат Дүйсембаевқа оқ атқан фитнес-клуб күзетшісі ұсталды, деп хабарлайды  "РЕН ТВ".

Алматы. NEGE. Ер адам өзінің тұрғылықты жерінде ұсталды. Оған қарсы қылмыстық іс қозғалды. 

Айта кетейік, арты атысқа ұласқан кикілжің 16 ақпан күні Мәскеудің Дон ауданындағы фитнес-клубтардың бірінде болған. Күзетші қазақстандық спортшымен керісіп қалып, кейін тапаншасын шығарып, оның кеудесінен атқан. Дүйсембаевқа алты оқ тиген. Зардап шеккен Дүйсембаев Мәскеу ауруханаларының біріне жеткізілді. 

"Қазақ" лақап атымен танылған Дүйсембаев оқиғаның қалай болғанын айтып берді. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды