Митингтен полицияға 53 адам жеткізілген

6 маусымдағы митингте 53 адам ұсталды, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрлігінің (ІІМ) ресми интернет-ресурсы.


Алматы, NEGE.
«Жалпы, полицияға 53 адам жеткізілсе, оның сегізі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың жетеуіне айыппұл салынды, бір адамға ескерту жасалды. Билік өкіліне қарсы күш қолданып, тіл тигізген екі тәртіп бұзушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - делінген дүйсенбі күні ҚР ІІМ-нің 6 маусымда заңсыз митинг өткізуге талпынғандардың әрекетіне берген түсініктемесінде.
Хабарда нақтыланғандай, прокуратура және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жиналғандарға олардың іс-әрекеттері заңсыз болып табылатынын түсіндірді.
«Алайда, бірқатар тұрғындар заңды талаптарға бағынбады. Сондықтан Ішкі істер органдары қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдады. Карантиндік шектеулер мен заң талаптарын бұзғандар іс-әрекеттерін тоқтатудан бас тартты. Сол себепті олармен профилактикалық жұмыс жүргізу және іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін бірнеше адам полицияға жеткізілді», - делінген хабарда.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр