Митингіге қарсы митинг өтті
Бішкектегі Ала-Тоо орталық алаңында митингілерді тоқтату туралы үндеу тастаған митинг өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат
.
Алматы. NEGE. Шараны ұйымдастырушылардың бірі Алманбет Ырысәлиевтің айтуынша, алаңға шыққан адамдар митингілер мен арандатушыларға қарсылық білдіруде. «Біз митингілер мен төңкерістер елде тұрақсыздық орнатқысы келетіндерге қол болатынын ұғынуымыз керек. Біз сайлаудың тыныш, бейбіт өткенін қалаймыз. Біз ОСК-ден сайлауды әділ өткізуін және саяси додаға қатысушылардан адал түрде бәсекелесуін сұраймыз. Шу шықпағаны, бейбіт тұрғындардан ешкім жапа шекпегені керек», - деді Алманбет Ырысәлиев. Еске сала кетейік, Қырғызстанда 2021 жылдың 10 қаңтарына мерзімінен бұрын президент сайлауы белгіленген.