Мысырдан коронавирус жұқтырып келген

Соңғы тәулікте Мысырдан ұшып келген қазақстандықтан коронавирус анықталды,  деп хабарлайды Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Алматы. NEGE. Сондай-ақ, ПТР-дің мерзімі өтіп кеткен анықтамаларымен Нұр-Сұлтан қаласына келген екі шетелдіктің депортацияланғаны белгілі болды.

Комитет мәліметінше, 30 қарашада Қазақстан аумағына Мысыр, БАӘ, Түркия, Ресей және Беларусьтен тоғыз халықаралық әуе рейсі келді. 1 169 авиажолаушының 960-ында ПТР - тестілеудің теріс нәтижесі болса, 209 қазақстандық ПТР анықтамасыз келген.

Анықтамасыз келген қазақстандықтар карантин стационарларына орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тест тапсырды дейді комитеттегілер.