Мысырдан келген жолаушыдан коронавирус анықталды

Мысырдан келген жолаушыдан коронавирус анықталды.

Алматы, NEGE.  Бүгін Шарм-эль-Шэйх қаласынан елордаға ұшып келген әйелде ПТР тест анықтамасы болмаған. Салдарынан ол әуежайдан бірден карантиндік стационарға жеткізіліп, зертханалық тексеруден өтті. Нәтижесінде инфекцияның симптомсыз түрі тіркелді. Мұндай жағдайда науқастар үйінде бақыланады. Бірақ инфекция жұқтырған әйел облыс тұрғыны болғандықтан, ол бірден елорданың инфекциялық стаионарына жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, онда науқас толық тексеруден өткенше, шамамен бес күндей бақылауда болады. Егер коронавирустың клиникалық белгілері білінсе, бірден ем-дом қабылдайды. Бүгінде қалалық инфекциялық стационарда коронавирус жұқтырған 29 науқас ем қабылдап жатыр.

Қазір оқып жатыр

Арқалықта полицейлер қай көлікті тоқтатпау керегін арнайы чаттан біліп отырған

Депутат Жаңбыршин қызына қатысты қауесетке пікір білдірді

Мотокросстан Қазақстан Республикасы Чемпионаты өтеді

Сарбаз Қазыбек Оспановтың қазасына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды