Мысырдағы қазақстандықтар Наурыз мейрамын тойлады

Каир қаласында Наурыз мейрамы атап өтілді, деп хабарлады Мысырдағы ҚР Елшілігі​.

Алматы, NEGE. Қазақы дәстүріміз бойынша ата-анасының сұрауымен Қазақстанның Мысыр Араб Республикасындағы елшісі Қайрат Қайырбекұлы жас нәрестенің тұсауын кесіп, батасын берді.

Қайрат Қайырбекұлы ҚР азаматтарын мерекемен құттықтап, өзінің «Әр мәмүлік жалғызым» атты кітабын сыйға тартты.

Сонымен қатар мерекеде Қазақстан азаматтарына арнайы наурыз көже жасалып, ақ дастарқан жайылды.