Мысырда қаза тапқан Қазақстан азаматының денесі елге жеткізіледі

Сақтандыру компаниясы мәйітті тасымалдау шығындарын өтейді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Nomad Insurance сақтандыру компаниясы туристік оператордан қайғылы оқиға жайлы ақпарат түскеннен кейін бірден мүрдені елге жеткізу шығындарын жабу үшін кепіл берілген қаражатты аударған. Құзыретті органдардың шешіміне байланысты мүрде Шарм-эш-Шейхтан не Каирден жеткізу жоспарланып отыр.

18 мамырда Шарм-эш-Шейх әуежайында рейсті күтіп тұрған жолаушылар тұрған аумақта жарнама тақтасы құлаған болатын. Оқиғаның салдарынан қазақстандық Ақмарал Мұқанова мерт болды, тағы екі отандасымыз жарақат алды.

Оқиға туралы ақпарат бірден прокуратура органдарына жолданды. Ресми түрде қылмыстық тергеу басталды. Әуежай әкімшілігі мен жарнама агенттігінің өкілдері жан-жақты және ашық тергеу жүруі үшін құқық қорғау органдарымен ынтымақтаса іске атсалысып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Михаил Шайдоров Миландағы жеңісінен кейін жалақы алмай жүргенін айтты

«Шабыт» академиясында декан мен Меруерт Өтекешоваға қатысты дау шықты

Павлодар облысында Ан-2 ұшағы электр желісіне тиіп кетті: бір ұшқыш қаза тапты

Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады