Мысыр тұрғындары Трамптың бастамасына қарсы шеруге шықты

Мысыр тұрғындары Рафах өткізу-бақылау бекетінің алдына жиналып, шерулетті, деп хабарлады 24 kz.

24.kz

Алматы, NEGE. Олар Газа секторының тұрғындарын Египетке көшіру туралы Трамптың бастамасына наразылық танытты Шерушілер қос елдің туын желбіретіп, «Қозғалысқа жол жоқ» деп ұрандатты. Олардың қатарында саясаткерлер де болды.

Бұған дейін Ақ үй басшысы Дональд Трамп палестиналықтарды араб еліне көшіру туралы ұсыныс көтерген еді. Оның пікірінше, Египет пен Иордания Газа секторының мыңдаған тұрғынын қабылдауға мүмкіндігі жетеді. Мысыр билігі бұл ұсынысты қатаң сынға алды.

 Жергілікті тұрғын:

 - Біз Президенттің палестиналық бауырларымызды мәжбүрлеп көшіруге қарсы пікірін құптаймыз. Қақтығыс пен оның салдары өзге елдің есебінен шешілмеуге тиіс.



Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мадьярды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр

Кәрім Мәсімовтің экс-күйеу баласынан «Достық» станциясындағы терминал тәркіленді

15 сәуірден бастап мобильді аударымдарды тексеру басталады. Нені ескеру керек?