Мирзиёевтің үлкен қызы Өзбекстан президенті әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің үлкен қызы Саида Мирзиёева Мемлекет басшысының әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Шерзод Асадов хабарлады.

«Өзбекстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Саида Шавкатовна Мирзиёева Өзбекстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметіне тағайындалды», – делінген хабарламада.

Саида Мирзиёева – Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің үлкен қызы, 2019 жылдан бері саясатпен айналысып келеді. Әр жылдары ол президенттің көмекшісі, сондай-ақ Президент әкімшілігінің атқарушы аппаратының коммуникациялар және ақпараттық саясат жөніндегі секторының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда Ташиевке төңкеріс жасауға әрекеттену ісі бойынша айып тағылды

Сәби саудасы: Қызылордада қоғамдық қордың жетекшісі ұсталды

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?