Минскіде жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушылардың бірі ұсталды

Минскіде жаппай тәртіпсіздікті үйлестірушілер ұсталды. Олардың бірі өз жақтастарының әрекетін қонақүйден басқарған, деп хабарлайды Белта агенттігі.

Алматы, NEGE. «Ұсталғандардың бірі – Минск қаласының тұрғыны. Ол «Беларусь» қонақүйінің 17-қабатындағы бөлмені жалға алған.

Сол жерден наразылық шараларын үйлестірген. Ер адам үш бағыныштының әрекетін басқарып отырған. Олар өз кезегінде жүздеген адамды басқарған», делінген хабарламада.