Министрліктің болжамы: Сәуірде 20 мың адам вирус жұқтыруы мүмкін
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Қазақстанда сәуір айына арналған коронавирус ауруы бойынша болжамды жариялады.
Алматы, NEGE. «Ақпан мен наурыздың басындағы жағдайды ескере отырып, алдағы сәуірде 13-тен 20 мыңға дейін адам вирус жұқтырады деп болжанып отыр. Біз екі аптада бір рет алынған деректерді ескеріп, оларды үнемі жаңартып отырамыз. Осылайша барлық болжамдар осыған дейінгі жағдайларды ескере отырып жаңартылады», - деп жауап берді вице-министр.