Министрлік жазғы мектепте не үйретпек?

Биыл тамыз айында Білім және ғылым министрлігі жазғы мектепті іске қоспақ. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған онлайн брифингінде айтылды.

Алматы, NEGE. «Біз электрондық форматты құжат өткізу жүйесін ата-аналар үшін барынша ыңғайлы етіп жасадық. Білім және ғылым министрлігі мұндай қызмет түрін бірінші рет іске қосқандықтан, аяғына дейін жеткізуі керек біраз жұмыс бар», - деді ҚР БҒМ Білім беру цифрлық трансформациялау департаментінің директоры Қанат Кенбай.

Сондай-ақ, ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова 1-сынып оқушыларынан жазу, оқу, санауды біліп бару талап етілмейтінін айтты. «1-сынып оқушыларынан жазу, оқу, санауды біліп бару талап етілмейді. Екіншіден, төтенше жағдай режимінің аяқталуына байланысты балабақшалар өткен жылғы оқу бағдарламасын қайталап оқытады. Одан бөлек, биыл тамыз айында Білім және ғылым министрлігі жазғы мектепті іске қоспақ. Бұл айда төртінші тоқсанда оқылмай қалған тақырыптарды оқып, тапсырмаларды орындайды», - дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Ақылы жолдарда лазерлер орнатыла бастады: ол не үшін қажет?

Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шықты

Тоқаев Нұрбекке жоғары білім сапасын арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді

Ұлытау облысында оңалту орталығы аутизмі бар баланы қабылдаудан бас тартқан