Министрлік сауалнама жүргізіп, 50 мың теңге таратып жатқанын жоққа шығарды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халыққа онлайн сауалнама жүргізіп, кейіннен 50 мың теңге мөлшерінде сыйақы төлейтіні туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайтындығын хабарлады.

Алматы. NEGE. Бұл туралы 24.kz хабарлады. «Азаматтарға алаяқтар мұндай хабарламаларды жеке аккаунттар мен банктік шоттарға қол жеткізу үшін қолдануы мүмкін екенін ескертеміз. Ешқашан күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және алаяқтықтың құрбаны болмас үшін жеке мәліметтеріңізді қалдырмаңыз. Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұраймыз. Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске салады», - делінген министрліктің хабарламасында.
 

Қазір оқып жатыр

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?