Министрлік музыка мектептерінің жекеменшікке өтуіне байланысты пікір білдірді

Білім және ғылым министрлігі музыка мектептерінің жекеменшікке өтуіне байланысты пікір білдірді.

Алматы, NEGE. «ҚР Білім және ғылым министрлігі музыка мектептерінің жекеменшікке өтуін қолдамайды. Ол ұйымдарда балалар қосымша білім алып жатыр. Сондықтан шығармашылық бағытындағы үйірмеге балаларын қатыстырып жатқан ата-аналар мен сонда жұмыс істейтін педагогтердің бұл мәселе төңірегіндегі алаңдаушылығын түсінуге болады», – делінген министрлік таратқан мәліметте. Қайта жұмыс істеп тұрған мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдарын дамыту қажеттігі айтылған. «Сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидасы бойынша қосымша жаңа объектілерді салу және іске қосу мақсатында бін тарту қажет. Оған қоса биыл «Білім туралы» Заңға түзетулер енгізілген болатын, соның негізінде әкімдіктер балалардың жекеменшік қосымша білім беру орталықтарында үйірмелер мен секцияларға қатыса алуы үшін мемлекеттік тапсырыс арқылы жағдай жасай алады», – делінген.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?