Министрлік Қарабақ соғысында тиімділігін көрсеткен көлікке НЕГЕ тапсырыс бермей отыр?
Кеше «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» компаниясы 4 жылдық сынақтан сәтті өткен «Барыс 8х8» атты әскери техниканы көпшілікке таныстырды. Орталық Азиядағы MRAP технологиясы бойынша құрастырылған техника Әзербайжан мен Армения арасындағы Қарабақ соғысында өзінің беріктігін көрсеткен. Әйтсе де еліміздің Қорғаныс министрлігі отандық әскери өндірісті дамытуға немқұрайлы қарап, арнайы тапсырыс бермей отырған көрінеді.