Министрдің ұлы Ақмола облысында аудан басшысының орынбасары болып тағайындалды

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың 30 жастағы ұлы Айсұлтан Сейпелов Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

instagram.com/shortandy_audanynyn_akimdigi

Астана, NEGE. Әкімдік ақпаратынша, Айсұлтан Айдарбекұлы 1995 жылғы 26 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Красное ауылында дүниеге келген.

Канадалық университетті «Әлемдік экономика» мамандығы бойынша, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін «Агрономия» мамандығы бойынша бітірген.

Мемлекеттік қызметке кіріспес бұрын, Сейпелов ресми түрде анасы басқарған отбасылық шаруа қожалығының басқарушы директоры болған.

Ал 2026 жылдың маусым айында Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасында агроөнеркәсіптік кешеннің мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру бөлімінде бас маманның міндетін атқарушы, кейін бас маман болып жұмыс істеген.

Осы тағайындауға дейін Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы агроөнеркәсіптік кешеннің мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.