Министрдің орынбасары қызметтен кетті
Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов қызметінен босатылды. Мұны Ақорданың ресми сайты жазды.
Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысының өкімімен Рашид Тауфикұлы Жақыпов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды» делінген ресми хабарламада.
Р.Жақыпов 1959 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. 1980-90 жылдары прокуратура органында қызмет істеген. 1998-2006 жылдары ішкі істер саласында түрлі қызметтер атқарды 2011 жылы Шығыс Қазақстан облысының ІІБ басшысы болды. 2014 жылдан бері Ішкі істер министрінің орынбасары еді.